Оралда өңірге танымал ардагер С.Иманғалиеваның 80 жылдығы атап өтілді

ОРАЛ. 14 Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармония залында педагогика саласының ардагері Софья Иманғалиеваның 80 жылдығы атап өтілді.Софья Шаймарданқызының білім саласындағы еңбек өтілі 40 жыл, соның тең жартысын ол Оралдағы №35 орта мектептің басшылық қызметінде өткерді. Оның алдынан көптеген түлектер түлеп ұшты.

Софья Иманғалиева өткен ғасырдың елуінші жылдары спортшы ретінде көпшілікке танылды. Әсіресе, түрлі қашықтыққа жүгіруден алдына жан салған жоқ.

КСРО және Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі, ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, ҚР құрметті спорт қайраткері сынды атақтары бар Софья Шаймарданқызы соңғы жиырма жыл бойы қала ардагер мұғалімдерінің бірлестігіне жетекшілік етіп келеді, оның құрамында 700 адам бар.

Қалалық білім беру бөлімінің бастығы Жансұлу Төремұратова және басқалар ардагер еңбегін атап көрсетіп, оның өмір жолы кейінгі ұрпаққа үлгі екенін айтты.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе