Орал қалалық мәслихатының сессиясында мектептердің жаңа оқу жылына даярлығы қаралды

ОРАЛ. 31 Орал қалалық мәслихатының кезекті 5-сессиясында мектептердің жаңа оқу жылына әзірлігі және қала көшелеріндегі тәртіп мәселесі талқыланды.Орал қалалық қаржы бөлімінің бастығы Бибігүл Ниетқалиеваның атап өткеніндей, қала бюджетінің өткен жылғы түсімдер бойынша нақтыланған жылдық жоспары 22106930 мың теңгені құраса, орындалуы 21407849,4 мың теңге немесе 96,8 пайыз болды.

Қалалық білім беру бөлімінің бастығы Жансұлу Төремұратова саладағы күрделі мәселелерге тоқталды. Ең алдымен білім мекемелерінде өткен жылдан қалған 62 млн. теңге берешек бар. 45 млн. теңге оқулықтар сатып алу үшін керек. Круглоозерный және Деркөл кенттеріндегі орта мектептерді күрделі жөндеу қажет. Круглоозерныйда сондай-ақ спорт залын салу керек. Деркөлде мектеп пен балабақшаны жылыту үшін шағын қазандық құрылысы кезек күтіп тұр. Бірқатар мектептерде штат нығайту мен медициналық кабинеттер ашу да қаржыны қажет етеді.

Қалалық ішкі істер басқармасының бастығы Шадияр Айтқалиевтің айтуынша, соңғы кезде жасөспірімдер қылмысы төмендеді. Сонымен қатар қалада жасалатын қылмыстың 63 пайызы 4-шағынаудан, ет комбинаты, жөндеу зауыты, «Зенит» зауыты, қалалық мәдениет және демалыс саябағы сынды аудандардың үлесіне тиеді. Қаладағы 105 көңіл көтеру орнының да жұмысын ретке келтіру керек.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе