Астанада VІІІ Халықаралық жас тілшілер медиафестивалі өтуде

АСТАНА. 16 Астана қаласында «Жұлдыз» жастар қоғамдық ұйымы одағының ұйымдастыруымен «Балалардың ақпараттық кеңістігі: кәсіби іс, шығармашылық, қаржылар» тақырыбында «Бақытты жұлдыз астында» атты VІІІ Халықаралық жас тілшілер медиафестивалі басталды.Бұл туралы аталған одақтың баспасөз қызметінен хабарланды.

Шараға  жас тілшілер, фототілшілер, ТМД мен Қазақстанның балалар мен жастар БАҚ жетекшілері, сала мамандары, оқытушылар мен психологтар, барлығы 150-ден астам адам қатысуда. Халықаралық жас тілшілер медиафестивалінің мақсаты  - Елбасы Жолдауындағы жастар мәселесі, еліміздегі жастар саясатын белсенді насихаттау бағытында жастардың БАҚ қызметтеріне қатысуын арттыру болып табылады. Осыған орай, бағдарлама барысында форумға қатысушылардың «Мемлекет және қоғамның өмірінде балалардың ақпараттық кеңістігі» атты көрменің тұсауы кесіліп, «XXІ ғасырдағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік бастамалары және оларды ақпараттық қамтамасыз ету» атты тақырыпта «дөңгелек үстел» өтетіні жоспарланған. Бұдан бөлек, жастардың медиакеңістіктегі ықпалдастық мәселелері, жастар шығармашылығын шыңдау бағытында түрлі шаралар ұйымдастырылатын болады.

Медиафестиваль үш күнге ұласады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе