БҰҰ Қазақстандағы мемлекеттік қызмет реформасына қолдау көрсетуде

– Алматыда мемлекеттік басқару оқу орындары мен институттарының 2030 жылға дейінгі тұрақты дамуына арналған БҰҰ-ның халықаралық семинары өтті, деп тілшісі.

Халықаралық семинарға 10 елдің өкілі қатысты. Шетелдік сарапшылар мемлекеттік қызметшілер әлеуетін, олардың білімі мен білігін пайымдау және көшбасшылық қабілеттерін арттыру мәселелерін талқылады. Астана мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитет төрағасы Әлихан Байменовтың айтуынша, мемлекеттік басқару сапасы, өз кезегінде, көбіне білім беру мекемелері мен мемлекеттік басқару институттары айналысатын кадрлар дайындау сапасымен анықталады. Бұл аспектілер қазіргідей VUCA әлемде әрбір елдің даму басымдылықтарына жету жолында өзекті бола түсуде. «БҰҰ-ның Бас ассамблеясы бекіткен адамзаттың тұрақты даму мақсаттары аясында мемлекеттік басқарудың сапасы өте маңызды рөл атқарады. Себебі, 17 мақсаттың бәрін үйлестіруші ұлттық үкіметтер болып табылса, сол ұлттық үкіметтердің жұмыс сапасы бұл мемлекеттік қызметшілердің біліктілігімен де анықталады. Осы тұрғыдан алғанда жалпы осы адамзаттың 2030 жылға дейін белгіленген межелеріне жету үшін, біз мемлекеттік қызметшілердің де біліктілігін арттырып, оларға осы аталған мақсаттардың бір-бірімен байланысын түсіндіруіміз қажет», – деді Астана мемлекеттік қызмет хабы басқарушы комитет төрағасы Әлихан Байменов. Семинар барысында, БҰҰ даму бағдарламасының тұрақты өкілі Якуп Бериш мемлекеттік қызметті дамыту мақсатында көптеген елдердің үкіметтеріне озық, заманауи тәсілдермен танысуға, тиімді оқыту бағдарламасын даярлауда қолдау көрсететіндерін жеткізді. «БҰҰ даму бағдарламасы Қазақстанда мемлекеттік қызмет реформасына, оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер әлеуетін арттыруға ықпал етеді. Мемлекеттік құрылымдарға Астана мемлекеттік қызмет хабымен бірге жаңа, белсенді, инновациялық механизмдер қолдануда қолғабыс жасаймыз. Сондай-ақ, Қазақстанның мемлекеттік қызмет агенттігіне мемлекеттік қызметкерлердің бірыңғай құзыреттер шеңберін және еңбекақы жүйесін әзірлеуде қолдау көрсетеміз. Астана хабы өз миссиясын жүзеге асыруда мемлекеттік қызметкерлер әлеуетін арттыру мәселесіне үнемі, жүйелі түрде көңіл бөлетіндігі қуантады», - деді Қазақстандағы БҰҰ ДБ тұрақты өкілі Якуп Бериш. Семинарға қатысушылар мемлекеттік басқару оқу орындарының өзекті мәселелерін, олардың трансформациялану жолы мен инновациялық көшбасшылығы жайынды ой бөлісті. Ал мемлекеттік басқару саласындағы озық тәжірибемен Нидерланды, АҚШ, БАӘ және басқа елдерден келген сарапшылар пікір алмасты. Шара аясында, қонақтар халыққа қызмет көрсету орталығы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының жұмысымен танысты. Семинар жұмысы екі күнге созылмақ.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе