Алтай Көлгінов елордалық 49 жас түлекке білім грантын табыс етті

– Білім сертификатына ие болған түлектерге қала басшысы сәттілік тілеп, ата-ана мен ел үмітін ақтайтындарына сенім білдірді, деп тілшісі.

Жыл сайын әкімнің гранты қаланың жалпы бiлiм беретiн мектеп түлектерi қатарынан жетiм балаларға, балалар үйiнiң түлектерiне, бала жасынан мүгедектерге, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға, көпбалалы отбасының балаларына беріледі. Сонымен, биыл 49 түлек сертификат иегері атанды.«Бұл грант сіздерге білім алуға мүмкіндік беріп қана қоймай, жауапкершілік жүктеп отыр. Әрине, ЖОО-на түсу - әр түлектің арманы. Осы орайда біз әкімдік атынан қолдау көрсетуді құптадық. Көбіңіз ҰБТ тапсырдыңыздар, бірақ діттеген балды жинай алмағандарыңыз бар. Бұл - жас өркенге мемлекет тарапынан көрсетілетін үлкен мүмкіндік деп білем. Бүгін сіздер қалаған мамандықтарыңыз бойынша жоғары оқу орнының грантына ие болып отырсыздар. Ата-аналарыңыз болашақтан зор үміт күтеді. Олардың сенімін ақтауларыңызға тілекшімін», - деді елордада сертификат тапсырған қала әкімі Алтай Көлгінов.Осы жылы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы құрылған комиссияның шешімі бойынша білім грантын 49 мектеп түлегі иеленді. 2019 жылы оларға, сондай-ақ оқуын жалғастыратын 138 студент үшін жергілікті бюджеттен 70 млн теңге бөлінген.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе