Оралда медициналық колледж директорларының республикалық кеңесі өтті

ОРАЛ. 16 16 наурыз күні Батыс Қазақстан медициналық колледжінде медициналық колледж директорларының республикалық кеңесі өтті.Еліміздің 15 медицина колледжінің басшылары, Ресей Федерациясының денсаулық сақтау министрлігі қызметкерлері және Самара, Саратов қалаларының дәрігерлері қатысқан кеңесте Елбасы Жолдауын жүзеге асыру аясында орта буын медицина қызметкерлерін даярлау және олардың біліктілігін арттыру мәселелері қаралды.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Қамидолла Ирменов жан-жақтан жиналған қонақтар алдында еліміздің кейбір облыстарының қолы жетпей отырған әлемдік деңгейдегі емдеу тәсілдерінің жергілікті жерде жүзеге асып жатқанын, жалпы облыс медицинасының қол жеткен табыстары туралы айтып берді. Кеңесте сондай-ақ, үздіксіз кәсіби дамуды жетілдіру, жоғары және орта арнаулы білімді сабақтастыру, денсаулық саласындағы реформаларға орта буын медицина қызметкерлерінің атсалысуы және өзге де мәселелер қозғалды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе