Мемлекет тарихы институтында жемқорлықпен күрес тетіктерін жетілдіру мәселелері талқыланды

АСТАНА. 25 сә Бүгін елордада Мемлекет тарихы институтында жемқорлықпен күрес тетіктерін жетілдіруге арналған дөңгелек үстел отырысы өтті.Жиынға мемлекет және қоғам қайраткерлері, «Нұр Отан» ХДП өкілдері және аталған институттың ғылыми қызметкерлері қатысты. Шара барысында білім, ғылым саласында орын алып отырған жемқорлықтың алдын алу, оған жол бермеу мәселелері сөз болды. Сонымен қатар «Нұр Отан» партиясының жемқорлықпен күрес жөніндегі бағдарламасының іске асырылуы, жемқорлықпен күресудің әлемдік тәжірибесі мен оған қарсы күресті күшейтудің жолдары мен тетіктері кеңінен талқыланды.

Институт басшысы Бүркітбай Аяған жүргізген жиында «Нұр Отан» ХДП жанындағы Парламентаризм институтының қызметкері Нағрипа Байымбетова, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанындағы «Еуразия» гуманитарлық зерттеулер ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры, профессор Зиябек Қабылдинов баяндама жасады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе