Қызылорда қаласында орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша олимпиада мықтылары анықталды

ҚЫЗЫЛОРДА. 10 Қызылордадағы Қорқыт ата атындағы мемлекеттік уни­вер­ситетте орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша қалалық олим­пиада өтті.Пушкин мен Толстойдың тілінде сауаттылық көрсету жарысына қала мектептері бойынша өтініш білдірген 130 оқушының сынақтан өткен 80-і қатысты. Оныншы және он бірінші сыныптар оқушыларының арасында өткен сайыстың бірінші кезеңі - эссе жазу, екіншісі -  тұсаукесерге арналды. Оқушыларға ортақ тақырып ретінде Тәуелсіздіктің 20 жылдығы мен іргелі оқу орнының 75 жылдығы берілді. Осы тапсырмалардың мазмұнын ашып, ойын шынайы жеткізе білген жүй­ріктер жүлделі орындарға шықты.

Нәтижесінде бас бәйгені №23 мектеп оқушысы Алена Эм мен №5 мектеп оқушысы Сара Назарбаева жеңіп алды. Жүлдегерлердің барлығы бағалы сыйлықтармен марапатталды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе