Мектептен тыс ұйымдарды бәсекелестік ортаға беруді тоқтату керек - Аймағамбетов

2020 жылы 100 жекеменшік жаңа мектеп салынады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов айтты, деп тілшісі.

«Алдыңғы жылы алғаш рет 70 мектеп пайдалануға берілген. Бұл соңғы 71 жылдағы ең жоғары көрсеткіш. 2020 жылы біздің жоспарымызға сәйкес 100 жаңа жекеменшік мектеп салынып, пайдалануға беріледі. Ары қарай да осы саясатты жүргіземіз», - деді министр. Оның атап өтуінше, елімізде жыл сайын апатты жағдайдағы мектептердің саны азайып келе жатыр. Бірақ, үш ауысымда оқытатын мектептердің мәселесі әлі де шешілмеген. Бұған қоса, балаларды сабақтан тыс қосымша білім берумен қамту төмен қалып отыр. «Оны біз айтуымыз керек. Бізде мектепішілік үйірмелер мен іс-шаралар туралы әдемі сандар бар. Білім беру процесінде осының бәрін айтамыз. Бірақ, шын мәнінде оның мазмұнына қарасақ, онда ауыз толтырып айтатын мәселе өте аз. Бұл ретте жекелеген өңірлер мектептен тыс ұйымдарды бәсекелестік ортаға беруде. Оларды бейінді емес актив ретінде сатуда. Оған әрине, жол беруге болмайды. Сондықтан осы мәселені тоқтату керек деп санаймыз. Одан да керісінше біз қосымша білім беру ұйымдарын, балалар сарайын көбейтуіміз керек. Оларды салып, санын көбейту мәселесі жаңа бағдарламада белгіленген. Сондықтан біз бұл саясатты қолдамаймыз», - деді Асхат Аймағамбетов.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе