Алматыда АИТВ шалдыққан жастарға арналған ресурстық орталық ашылды

АИТВ жұқтырғанбалаларға арналған ресурстық орталық Қазақ дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығы жанынан ашылды. Бұл жерде АИТВ ауруына шалдыққан жасөспірімдер мен жастарға психоәлеуметтік қолдау көрсетіледі, деп тілшісі. 

Орталықта білікті мамандар жастарға диагнозын қабылдауға жәнеөмірге бейімделуге қатысты кеңесбереді. Науқастар мұнда өзі сияқты жастармен танысады, өзіне-өзі көмек көрсету топтарына қатысады. Сондай-ақ, ресурстық орталық инфекция жұқтырудың алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында жұмыс істейді.«АИТВ (адамның иммун тапшылығы вирусы) бар жасөспірімдер мен жастар психологиялық қолдауға мұқтаж. Оларды қоғамнан шеттетуге болмайды. Көктемде біз республикалық көшбасшылық мектебін өткіздік. Сонда байқағынымыз біздің балаларымыз жігерлі, өздеріне сенімді екен. Бұл шарадан кейін, оларда өзін-өзі бағалау артты, өмірге деген көзқарастары жақсарды. Бұл тәсілді ресурстық орталық ары қарай дамытады деп сенеміз»,- дейді  Қазақ дерматология және жұқпалы аурулар ғылыми орталығының директоры Бауыржан Байсеркин.Орталықтың ашылу рәсіміне ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саин қатысты.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе