БҚО әкімі мектеп бітіруші түлектермен кездесті

ОРАЛ. 2 1 маусым күні облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Теректі ауданындағы Подстепный қазақ орта мектебінде болып, биыл мектеп бітіргелі отырған түлектермен кездесті.Ауылдағы үш білім шаңырағынан 62 шәкірт үлкен өмірге жолдама алмақ. Кездесу Ұлттық бірыңғай тестілеу қарсаңында өткендіктен, облыс басшысы түлектерді алдағы сында қобалжымауға шақырды.

-Ұстаздарың берген білімді ертеңгі сында жан-жақты терең көрсете білу де өнер. Олардың еңбегін зая кетірмеу үшін өз қабілет-қарымдарыңызды толық көрсету үшін, ең бастысы, қобалжымау керек, ұстамдылық пен байыптылықты бойларыңызға серік қылсаңыздар, бәрі жақсы болады. Өмірде сынақ көп, ҰБТ-ны да сондай кезекті сынақтардың бірі деп қабылдаңыздар. Адам қай жерде де алдымен тек өзіне сенуі керек. Сендерге де сондай сенімділік тілеймін, - деді Нұрлан Асқарұлы.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе