«Назарбаев Университеті» орта білім менеджерлерін даярлайтын болады

АСТАНА. 27 «Назарбаев Университеті» жанындағы Жоғары білім мектебінде орта білім беру саласын басқарудың мамандарын даярлайтын болады,деп хабарлады Кембридж университеті Білім беру факультетінің меңгерушісі Колин Маклафлин Pm.kz сайтына берген сұхбатында.«Жоғары білім мектебі орта білім беру саласын басқарудың мамандарын даярлау шеңберінде «Назарбаев Зияткерлік мектебімен» ытнымақтаса жұмыс істейтін болады», - деді  Колин Маклафлин.

Мектеп жұмысы магистрлер мен докторанттарды даярлап, оқытумен ғана шектеліп қалмайды, білім беру саласындағы ғылыми зерттеулер де маңызды орын алатын болады, деп атап өтті ол.

Жоғары білім мектебінің  білім беру саласындағы зерттеулермен шұғылдануы  көрсетілетін қызмет сапасын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін болады», - деп хабарлады Кембридж университетінің өкілі.

Спикердің айтуынша, Жоғары білім мектебіне түсудің ережелері мен емтихандық тапсырмалар өлшемі әлі әзірленген жоқ, бірақ ең басты ұстаным - ашықтық әрі ең лайықты талапкерлерді қабылдауға бағытталатыны айқын.

Естеріңізге сала кетейік, Жоғары білім мектебі жоғары және орта білім беру саласын басқаратын мамандар даярлаумен айналысатын болады және 2013 жылдың қаңтарынан бастап студенттер қабылдай бастайды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе