Қазақстанның үздік оқытушылары Еуроодақтағы әріптестерімен тәжірибе алмасты

13-17 маусым аралығында Қазақстанның 13 университетінен «ЖОО үздік оқытушысы» сыйлығының 20 лауреаты «Оқыту мен білім берудегі инновациялық әдістер» еуропалық  біліктілікті арттыру бағдарламасына қатысты. Оның ұйымдастырушысы бельгиялық EduCouncil білім беру орталығы.Жол сапарының бірінші күндері қазақстандық делегаттар Еуропалық комиссияның «ЕО және Қазақстан: Жоғары білім саласындағы ынтымақтастық» атты дөңгелек үстеліне қатысты.

Бас директораттың білім беру және мәдениет мәселелері бойынша қызметкерлері қатысушыларға еуропалық білім беру кеңістігінде және Қазақстан ғалымдарына қолжетімді ЕО ғылыми және зерттеу жобаларын қаржыландыру бағдарламаларындағы Еурокомиссияның рөлі туралы айтты.

Сосын Өңірлік Комитетте және Еуропалық әлеуметтік,  экономикалық комитетте кездесулерде академиялық саладағы ынтымақтастықтың өңірлік аспектісі талқыланды.

Содан кейін делегаттар QS World University Rankings нұсқасы бойынша үздік ЖОО-лар рейтингіне кіретін Бельгия, Нидерланды, Германияның бірқатар университеттеріне (Левен Католик Университеті, Эразм атындағы Роттердам Университеті, Археан Рейнско-Вестфальский техникалық университет) барды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе