Елорда әкімдігі мектеп формасы мен кеңсе тауарларына сертификат беруді бастады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға мектеп формасы мен кеңсе тауарларын сатып алуға 200 миллион теңге бөлді, деп  Елорда Инфо сайтына сілтеме жасап.«20 тамыздан бастап

әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға мектеп керек-жарақтарын

сатып алу үшін арнайы сертификаттар беру басталды. Қазіргі уақытта 8 мың сертификат

тапсырылды. 78 бала сертификат бойынша киім сатып алды. Сонымен қатар 81

мектептің әлеуметтік педагогтарына сертификаттар берілді. Әлеуметтік педагогтар

ата-аналарға 2300 сертификат табыстады», - делінген қала әкімдігінің

мәліметінде. Сертификаттар келесідей

санаттағы отбасылар үшін қарастырылған: жан басына шаққандағы орташа

табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз болса және АӘК алмаса, жетім балалар

мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; төтенше жағдайлардың салдарынан

шұғыл көмекті талап ететін отбасылардың балалары; білім беру ұйымының алқалы

басқару органы айқындайтын өзге де санаттағы білім алушылар.Мектеп формасы мен оқу құралдарынан басқа оқушыларға

мынадай көмек көрсетіледі: ыстық тамақ, жазғы сауықтыру лагеріне жолдама,

мәдени және спорттық шараларға қатысу мүмкіндігі.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе