Еліміздің ұлттық білім беру жүйесінде қазақ тілінің дамуына қазіргі кезде кең жол ашылған - Ж.Түймебаев

АСТАНА. Желтоқсанның 8/Құралай Орынбекқызы/ - Еліміздің ұлттық білім беру жүйесінде қазақ тілінің дамуына қазіргі кезде кең жол ашылған.  Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігінде өткен республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқыту сапасын арттыру мәселелеріне арналған республикалық кеңесте аталмыш ведомство басшысы Жансейіт Түймебаев айтты,  деп тілшісі.

«Қазақ тілі мен әдебиетінің мектепте оқытылу жайы бүкіл қазақ халқының ғана емес, барша қазақстандықтардың назарында тұр. Елбасының тапсырмасымен әзірленіп, қазіргі кезде халықтың талқылануына ұсынылған Қазақстанның «Ел бірлігі доктринасында" қазақ тілін дамытуға үлкен орын беріліп, білім беру саласында жастардың қазақ тілін терең меңгеруге ұмтылдыру жүйесін қалыптастыру, қазақ тілінің мектепке дейінгі мекемелерде, мектептер мен жоғары оқу орындарда оқыту сапасын жақсарту мәселелері қамтылған. Еліміздің ұлттық білім беру жүйесінде қазақ тілінің дамуына қазіргі кезде кең жол ашылған», деді министр.

Ж.Түймебаевтың айтуынша, жылдан жылға қазақ тілінде білім беретін ұйымдар желісі үздіксіз өсуде. «Қазіргі кезде елімізде жалпы білім беретін мектептің 50,3 пайызы қазақ тілінде оқытады. Қазақ мектептері қатарының өсуіне қарай қазақ тілінде білім алатын оқушылардың да саны артып отыр. Қазіргі кезде олардың саны елдегі барлық оқушылардың 62 пайызын құрайды», деді ол.

«Қазақ тілінің дамуына, қазақ тілінде білім алған оқушылардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына қатысты негізгі тетік мұғалімдердің қолында, олардың білімі мен біліктілігінде, кәсіби шеберлігінде, мемлекет пен халық алдындағы азаматтық парызына деген жауапкершілігінде тұр. Алайда мемлекеттік тілді оқыту процесінде елеулі кемшіліктер бар. Жекелеген мұғалімдердің оқу-әдістемелігінің әлсіздігі, жаңа технологияларды меңгеру деңгейінің, кәсіби даярлығының жеткіліксіздігі оқушы білімінің сапасына кері әсерін тигізіп отыр. Мектептерде электрондық оқулықтар болғанымен, мұғалімдер оны толық пайдаланбайды», - деп атап өтті ведомство басшысы.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе