«Дінтану негіздері» оқулығы - заман талабы

Діни ахуалдың уақыт өте келе бір орында тұрмай өзгеріске түсетіндігі себепті «Дінтану негіздері» оқулығына, оның ішкі мазмұнына деген сұраныс та арта түспек. Оқулықтағы мәліметтердің діни ахуалдың қоғамда орын алу жай-күйіне орай өзгеріп отыруы қалыпты нәрсе.  Сол себепті оқулықты жазу барысында әрдайым заман талабы мен білім алушылар, жалпы айтқанда қоғам  сұранысын ескеріп отыру қажетМысалы алғаш жарық көрген оқулық пен кейінгі жылдары жарық көрген оқулық мазмұнын салыстыра отырып ондағы айырмашылықтарды айтсақ та жеткілікті. 2011 жылы «Дінтану негіздері» оқулығының екінші басылымы жарыққа шықты. Білім және ғылым министрлігінің арнайы бұйрығымен бекітілген бұл оқулықта дінтану негіздерінің пәні, ұғымдары, құрылымы, тарихы, әлемдік - будда, христиан, ислам діндері, оның бағыттары, тәуелсіздік жылдары елімізге таралған жаңа діни қозғалыстарға оқушылар түсінігіне сай, сараптама жасалған. Қазақстандағы діни жағдайдың тарихы, исламның қазақ халқының тұрмысы мен рухани өмірінде алатын орны және Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тікелей бастамасымен Астана қаласында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съездерінің материалдарына талдау жасалып, халықаралық қауымдастық деңгейінде бейбітшілік пен дінаралық келісім орнату саясаты баяндалған. Діни ахуалдың тұрақты болуына әсер етуші факторлардың бірі болған дінаралық диалог ұстанымдары мен дінаралық қатынастардағы толеранттылық мәселесі оқулықта кеңінен талқыланылады. Толеранттылық қазіргі таңда дінаралық диалог контексінде ерекше маңызға ие болғандықтан, мектеп оқушыларына осының мәні мен мақсатын түсіндіру маңызды. Ал, бүгінгі таңда діндер диалогында қай жағдайда болмасын өзге сенімге толеранттылық танытып, сыйластықпен қарау басты мәселе.«Дінтану негіздері» оқулығы тек мектеп қабырғасымен ғана шектеліп қоймай, өз кезегінде отбасы тәрбиесіне де үлкен септігін тигізері сөзсіз. Оқулықтың ата-аналарға да берер мәліметі мен танымы мол. Бұның бәрі өз кезегінде жасөспірімнің сырттан келген дәстүрлі емес дін ағымдарына еріп кетуінің алдын алады. Бүгінге дейін жарық көрген дінтану оқулықтары бірінде аз қамтылған мәліметтер келесі оқулықта ауқымды түрде берілсе, енді алда жарық көретін аталмыш оқулықта қазіргі заман мен қоғам талабынан туып отырған сұранысқа сай діни эктремизм мен терроризм мәселесіне тиісті деңгейде ақпаратберілуі тиіс.Қазақстан Республикасында «Дінтану негіздері» пәнінің оқытыла бастауы - ұстаздар қауымынан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Себебі бүгінгі таңда мектеп оқушылары мен жастарға руханияттылықтың тек дінмен өлшенбейтіндігін, дінаралық төзімділікті бойға сіңіру қажеттілігін ұғындыру аса өзекті. Пәнді кез-келген саланың ұстазы емес тек арнаулы дипломы бар дінтанушы мамандардың беруі керек. Оған себеп барлық діндер ілімі мен негізгі ұстанымдарында көзге көрінер-көрінбес аса нәзік тұстардың орын алуы. Бұл өз кезегінде ұстаздан аталмыш пәнді өтуі барысында үлкен ұқыптылықты қажет етеді. Сонымен қатар мектеп ұстаздары сабақ беру барысында дәстүрлі діндердің тарихымыз бен мәдениетіміздегі рөліне, рухани құндылықтарына мән беруі қажет. Ел аумағында әрекет етуші  дәстүрлі емес діндер мен оның ағымдарын дәстүрлі діндермен салыстыра отыра ара-жігін ашып көрсету заман талабына сай қоғамдық сұраныстан туындап отырған қажеттіліктердің бірі. Келесі мәселе пәнді оқыту барысында пәнаралық байланыстарды ескеру қажет. Материалдық дүниенің бірлігі, рухани және діни үдерістердің күрделілігі мен қарама-қайшылығын мектеп оқушылары мектеп пәндерімен, оның бағдарламаларын бірізділікпен, бірте-бірте игеру барысында жақсы ұғына түспек. Жалпы тиімді әдістердің ішінен пәнаралық байланыстарды орната білуді айтар едік.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе