Цифрлық диплом: Жас маман оны қағаз күйінде де ала ма

Дипломды цифрландырған кезде оның қағаз нұсқасы да сақталып қалады. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғаридің қатысуымен өткен онлайн брифингте айтылды, деп тілшісі.

Вице-министрдің айтуынша, азаматтардың дипломы Ұлттық білім мәлімет базасында тіркеледі. «Жоғары оқу орны және колледж түлектері дипломның қағаз түріндегі нұсқасын да алады, сондай-ақ электрондық көшірмесі де сақталады. Дипломның қағаз нұсқасы сақталады, себебі шетелге баратындар сол жақта қағаз түрінде көрсетеді», - дейді ҚР Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари. Сондай-ақ, ол жұмыс беруші дипломның жасанды емес екенін тек Білім және ғылым министрлігінен ғана біле алатынын айтты. «Әрине, біз мәліметтер базасын бәріне ашып бере алмаймыз. Әр адам дипломның түпнұсқа немесе жасанды екенін өзі тексере алады. Жұмыс беруші дипломның электронды көшірмесін Білім және ғылым министрлігі арқылы ала алады. Мәліметтерді таратып жібермеу жөніндегі келісімге қол қойылады», - дейді ол.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе