ҚР Білім министрі ХХХ жазғы Олимпиада Ойындарына қатысатын ЖОО түлектері мен студенттеріне құттықтау сәлемін жолдады

АСТАНА. 24 ҚР Білім және ғылым министрі Б.Жұмағұлов ХХХ  жазғы Олимпиада Ойындарына қатысатын қазақстандық спортшыларға құттықтау сәлемін жолдады.             Құрметті XXX жазғы Олимпиада ойындарының қатысушылары!

«Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгі атынан және жеке өз атымнан сіздерге XXX жазғы Олимпиада ойындарында жоғары жетістіктер мен жаңа жеңістер тілеймін!

Ел намысын қорғауға аттанған бекзат спортшыларымыздың арасында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттiк университетi, Қазақ спорт және туризм академиясы және тағы басқа білім ұяларының түлектері мен студенттері бар болғандығын біз айырықша мақтан тұтамыз!

Студенттік спорт - әрдайым Олимпиада жұлдыздарын даярлайтын басты алаң болып қала беретініне ешкім дау тудырмаса керек. Қазір де университет пен мектеп қабырғаларында жастарды жаңа жеңістерге баптау үшін барлық жағдай жасалып отыр. Өрендеріміз еліміздің көк туын желбіретуге бар күш-жігерін  салады деп сенеміз!

Ұлыбританиядағы Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясының иегерлері де бұл күндері Сіздермен бірге. Олар сонда қазық қаққан  Қазақ ауылының баспасөз орталығына, біздің құраманы қолдауға бағытталған ұйымдастыру жұмыстарына  көмек көрсету үшін еріктілер тобын құрған-ды.Жеңіс оңай келетін олжа емес. Ол еңбекпен, намыспен, рухпен келеді! Жеңіс тұғырына жол тартатын Сіздерге үлкен сенім артамыз!».
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе