Ақтауда «Шеберлікке шыңдалу» мектебі семинар өткізіп жатыр

АҚТАУ. Қарашаның 24/Анаргүл Төлегенова/ - Ақтауда «Шеберлікке шыңдалу» мектебі семинар өткізіп жатыр,деп тілшісі.

 2004 жылдың 1 қыркүйегінде Маңғыстау облыстық білім беру  департаментінің қолдауымен «Шеберлікке шыңдалу» мектебі құрылған болатын. Мектеп ғылыми зерттеу, озат тәжірибе тарату, әдістемелік көмек бойынша 3 бағытта жұмыс жасайды. Бүгінгі ұрпаққа көркем әдебиетті дұрыс насихаттау, олардың рухани деңгейінің өсуін қадағалау мақсатында ұйымдастырылған шараға облыстық білім беру департаменті қолдау көрсетіп отыр. Бүгінгі таңда бұл мектептің 30-ға жуық мүшесі бар. Қала, аудандарда арнайы бөлімшелері ашылған. 154 маман осы мектепті тәмамдап, шеберліктерін шыңдау дайындықтарынан өткен соң оларға арнайы сертификат берілген.

«Жасөспірімдерді жаңа қоғамға қалай бағыттауымыз керек, әдебиеттегі образдарды қалай жеткізуіміз керек, жаңа оқулықтардың шығуына байланысты ондағы нәрселерді бала санасына жеткізіп ұғындыру, сөзді дұрыс жазу, қолданыстағы сөздерді дұрыс пайдалану т.б. тәсілдер бізді біріктірді», дейді «Шеберлікке шыңдалу» мектебінің жетекшісі Бақыт Балұлы.

Еш жерден ақы төленбейтін, энтузиаст ұстаздардың қолдауымен ашылған «Шеберлікке шыңдалу» мектебі оқулықтар шығару жұмысымен де айналысады. Осы кезге дейін мектеп өз қаржысымен «Абайтану», «Әбіштану», «Маңғыстау әдебиеті» деген оқулықтарды жарыққа шығарған.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе