Алматы облысында 300 орындық жаңа мектеп ашылады

Талдықорған қаласындағы Еркін ауылында мектеп жоқ болатын. Бүгінгі күні ауылда тұрғызылып жатқан мектептің құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын, деп хабарлайды Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен. Бес қабатты жаңа мектеп 300 оқушыға арналған және шағын орталығы болады деп жоспарланған. Жаңа білім ордасы биылғы жылдың 1 қыркүйегінде пайдалануға берілмекші.

Қазіргі кезде ғимараттың ішкі әрлеу мен жылу жүйесін орнату жұмыстары жүргізілуде. «АСК Ауыл құрылысы» ЖШС мердігер компания ретінде жұмыс істеуде. Нысан биылғы жылдың тамыз айында іске қосылады деп белгіленген.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе