Мақтаарал ауданындағы мектептерде психологиялық семинарлар өткізілуде

– Түркістан облысы, Мақтаарал ауданындағы мектептерде психологиялық семинар-тренингтер өткізілуде. Аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен өткен басқосулар жалпы орта білім беру мекемелері мен арнаулы орта оқу орындарында өтті, деп тілшісі. Кезекті кездесу аудандық білім бөліміне қарасты үш білім ошағында ұйымдастырылды. Семинар-тренингке аталмыш мектептердің 9-10-11 сынып оқушылары мен директорлардың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ психолог-маманы Бәкір Шәміл қатысты. Басқосуда бүгінгі қоғамда жиі көрініс тауып жатқан жастар арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылықтар мәселелері сөз болды. Жасөспірімдерге суицид, ерте жүктілік пен маскүнемдік, нашақорлық сынды адами қасиетке жат қылықтардан бойларын аулақ ұстау жайы түсіндірілді. Жаман әдеттерге ұрынудың себеп-салдарын анықтау, сақтандыру жолдарын кеңінен сөз етті. Жиында жастардың арасындағы келеңсіз оқиғалардың алдын алу мәселелері кеңінен сөз болды.Басқосу барысында жоғарғы сынып оқушыларына күн тәртібіндегі мәселелер бойынша бейнероликтер көрсетіліп, психологиялық жаттығулар жасады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе