Мектепке жол: ОҚО-да 50 отбасыға көмек көрсетілді

Оңтүстік Қазақстан облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі мен «Бізбен бірге» еріктілер мектебі «Мектепке жол» акциясын ұйымдастырды.Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында өтетін республикалық «Мектепке жол» акциясы биыл тоғызыншы жыл жалғасуда. Іс-шараның басты мақсаты - Елбасының оқушылардың мектепке дайындығын толық қамтамасыз ету туралы тапсырмасына сәйкес, көп балалы отбасылар, жетім, жартылай жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қамқор болып, олардың әлеуметтік себептер салдарынан мектепке бара алмауынан алдын алу.

Жалпы, статистикалық мәліметтерге сүйенсек, облысымызда әлеуметтік көмекке мұқтаж 15 934 жас есепке алынған. Осыған орай, «Бізбен бірге» еріктілері Достық, Чапаевка және Қайнар бұлақ шағын ауданында тұратын 50 -ден аса түрлі жағдайдағы көп балалы және толық емес отбасыларға мектепке қажетті құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етіп көмек көрсетті.

Айта кетейік, жыл сайын 1 тамыздан бастап «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы өткізіледі. Бұл қайырымдылық шара әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына көмек көрсетуге бағытталған. Акция елдің барлық аймақтарында өткізілді. 8 жыл ішінде 2 млн астам бала қажетті көмекке ие болды. Биыл акция «Бақытты балалық мекені» ұранымен өткізілуде.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе