ОҚО-да «Алтын белгімен» бітірген түлектер шекті 50 балды да жинай алмаған

Оңтүстік Қазақстан облысында биылғы жылы «Алтын белгімен» бітірген 9 түлек шектік 50 балды да жинай алмаған. Тағы 4 түлек 0 деген балл алған. Бұл туралы бүгін «Қазақстанның жаңғыруы 3.0 - білімнің үлесі» облыстық педагогикалық тамыз конференциясында мәлім болды, деп ХАА тілшісі.Облыстық білім басқармасының басшысы Исатай Сағындықовтың айтуынша, ағымдағы жылы жаңа форматта өткізілген ҰБТ тапсырудың қорытындысы көңіл көншітпей отыр.

«Атап айтқанда облыста «Алтын белгімен» бітірген оқушылардың саны 43 пайызға артқанымен, олардың арасында 100 балды жинай алмаған оқушылар тіркеліп отыр. Енді аталған мектептерге зерделеу, тексеру жұмыстары жүргізіліп, тексеріледі. Ал, түлектердің орта балы небәрі 76,6 балды құраған»,- деді Исатай Өмірзақұлы.

Сынаққа өңірдегі мектеп бітірген түлектердің 78 пайызы қатысып, олардың жинаған балы респулика бойынша соңғы орындарға тұрақтаған. Осы ретте басқарма басшысы мұғалімдердің білімін көтеру керектігін атап кетті. Сондай-ақ өңірде жылдан жылға мектеп оқушыларының саны артып келеді. Мәселен, билғы жылы 11 сыныпты 33 мыңнан аса түлек тәмамдаса, 1 сыныпқа 70 мыңнан аса бала қабылдау жоспарланып отыр. Оқушылар санының жылдан жылға көбеюіне байланысты мектеп ташылығы да туындап, бүгінгі таңда 200-дей білім мекемесін салу қажеттілігі орын алып отыр. Оның 73-і республикалық бюджет есебінен салынбақ.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе