Биылғы жылдың қыркүйек айында елордада жастардың VII Дельфий ойындары өтеді

АСТАНА. 25 сәБиылғы жылдың қыркүйек айында елордада Тәуелсіз мемлекеттер достастығы ұйымына мүше мемлекеттер өкілдерінің қатысуымен жастардың VII Дельфий ойындары өтеді.Бұл туралы бүгін аталмыш шараға байланысты өткен баспасөз мәслихатында Дельфий ойындарының ұйымдастырушылары мәлім етті.

Ұлттық Дельфий ойындары комитетінің атқарушы директоры Ұлар Оразғалиұлының мәліметтерінше, Дельфий ойындары Қазақстанда 2005 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. Оған қатысуға ниет білдірген жастардың саны да көбейе түсуде.

«Аталмыш шараның ұйымдастырылуына келетін болсақ, ол алдымен еліміздің аймақтарында өткізіліп, аймақтардың жеңімпаздары республикалық байқауда бақ сынайды. Ал республикалық байқауда жеңгендер халықаралық додаға жолдама алады»,-дейді атқарушы директор.

Оның мәліметтерінше, еліміздің аймақтарындағы іріктеу сындары осы уақытта өтіп жатыр. Астана қаласында бұл байқау 12-14 мамыр аралығында өтеді. Ал республикалық байқау 25-28 маусым аралығында Көкшетауда өтеді. Сондай-ақ республикалық байқаудың жеңімпаздары Астанада қыркүйек айында өтетін бәсекеде бақ сынайды.  

Білім және ғылым министрлігі Жастар саясаты департаментінің директоры Мадияр Қожахметтің айтуынша, Дельфий ойындарын ТМД кеңістігіндегі ірі мәдени шаралардың бірі. Қазақстанда ол осыған дейін де ұйымдастырылған. Қазіргі таңда бұл шара Білім және ғылым министрлі Астана қалалық әкімдігімен бірлесіп, тыңғылықты дайындалуда.

«Білім және ғылым министрлігі осы ойындардың одан әрі жетіле түсуіне және оған қатысқан және жеңімпаз атанған жастардың болашақта жоғары оқу орындарына түсетін кездерінде қандай да бір жеңілдікке ие болу мәселесін қарастыруда. Сонымен қатар аталмыш шара Қазақстанда да көптеген өнерпаз жастардың бары екендігін көрсетіп, елордамыз Астананың көрікті келбетін әлемге тағы бір рет танытуға мүмкіндік бергелі отыр»,-деді комитет төрағасы.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе