Алматыда филологиялық білім берудің мәселелері туралы республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция болады

АЛМАТЫ. 13 сәАлматыда 17 сәуірде «Филологиялық білім: проблемалары мен болашағы» деген тақырыпта   республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Оны Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті ҚР ҰҒА-ның академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор Серік  Қирабаевтың 85 жасқа толуына орай ұйымдастырып отыр. Оған еліміздің барлық  жоғары  оқу орындары мен ғылыми мекемелерінің филологтары, әдебиетшілері, жазушылары және өзге де зерттеуші ғалымдары қатыспақ.

Серік Смайылұлы  әдебиеттану саласында 1948 жылдан бері қажымай-талмай  еңбек етіп, 800-ден астам ғылыми мақалалар мен еңбектер жариялады. Оқулықтары, оқу құралдары мектептер мен  жоғары оқу орындарында  үзбей оқытылып келеді. 1957 жылы  Спандияр Көбеевтің жазушылық жолы жайына кандидаттық диссертация, ал 1964 жылы  Сәкен Сейфуллин шығармашылығы  туралы  докторлық диссертация  қорғаған ол ҚР  Ұлттық ғылым академиясының академигі дәрежесіне дейін көтеріліп, бүгінгі таңда қазақ әдебиеттану ғылымының  ақсақалына  айналып отыр. Ерен еңбегі үшін 1968 жылы  КСРО Педагогика ғылымдары академиясының корреспондент мүшесі, 1967 және 1995 жылдары Қазақстан мен  Қырғызстанның   ғылымға   еңбек сіңірген қайраткері атанды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе