Мемлекеттік қызметшілер үшін киберқауіпсіздіктен онлайн-курстар өткізіледі

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілер үшін киберқауіпсіздіктен онлайн-курстар өткізіледі. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінен мәлім болды, деп .

Атап айтқанда, министрлікі Cisco желілік академиясымен бірлесіп, мемлекеттік қызметшілер үшін онлайн оқу курстарын ұйымдастырып отыр. Мұндағы басты мақсат - қызметшілердің ақпараттық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлерден  хабардар болу деңгейін арттыру.

«2019 жылғы 1 шілдеден 1 қазанға дейін Қазақстанның 20-дан астам мемлекеттік және 17 жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілері тегін оқытылады.  5 аптаға есептелген оқыту бағдарламасы 5 блоктан тұрады», - делінген ведомство мәліметінде.

Cisco желілік академиясының оқу бағдарламасына қатысуға ниет білдіруші мемлекеттік қызметшілер бағдарлама сайтына кіріп, тіркеле алады.

Қазақ тілінде оқушылар мына, сондай-ақ  орыс тілінде оқушылар үшін осы сілтемелері арқылы тіркелу қажет.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе