Қытайда үздік оқуымен көзге түскен қазақстандық студенттер Елшінің алғыс хатымен марапатталды

Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев ҚХР-да білім алып жатқан қазақстандық студенттермен кездесті, деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.Елші ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүргізіліп отырған «Қазақстан - 2050» стратегиясы, «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты және «Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам - ұлттық жоспарын» іске асыру жолдары мен маңыздылығы  туралы студенттерді жан-жақты хабардар етті.

Кездесу барысында Ш. Нұрышев қазақстандық жастардың сапалы білім алуына, жергілікті заң ережелерін сақтауына, Қытайдың мәдениеті мен дәстүрін сыйлауына ерекше назар аударды. Сонымен қатар, студенттердің өздеріне, сондай-ақ Қазақстанның имиджіне кері әсер тигізетін қандай болса да жағдайларды болдырмауға шақырды.

Ш. Нұрышев Елшіліктің қолдауымен құрылған 11 мыңдай жастарды біріктіретін Қытайдағы қазақстандық студенттер қоғамдастығының жұмысына оң баға берді. 

Елші студенттерге алдағы емтихандарды сәтті тапсыруын тілеп, алған білімдерін Қазақстанның игілігі мен екі ел арасындағы қарым-қатынасты одан әрі нығайту үшін пайдалануына назар аударды. 

Үздік оқуымен көзге түскен және қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысқан студенттер Елшінің алғыс хатымен марапатталды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе