ЕНУ студенттері олимпиадашылармен кездеседі

АСТАНА. 17 Бүгін Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың бастамасымен Лондон-2012 Олимпиадасына қатысушы қазақстандық 112 спортшымен кездесу өтеді,деп хабарлады білім ордасының баспасөз қызметінен.

Лондондағы XXX жазғы Олимпиада ойындарында толағай табыс пен жеңіс әкелген тарландар еліміз үшін зор мақтаныш. Мұндай тамаша жеңістер спортшылардың күн сайынғы қажырлы әрі жанкешті еңбектері арқылы келгені баршаға айқын. Дүбірлі додада өте сәтті өнер көрсетіп 7 алтын, 1 күміс, 5 қола жүлдені иеленген отандастарымыз ел мерейін көтеріп тастады.

Еуразия ұлттық университетінде өтетін екі апта бойы әлем назарын өзіне аударған Олимпиаданың қатысушылары мен жеңімпаздарымен кездесуге университет ректоры Е.Сыдықов, ҚР Білім және ғылым министрі Б. Жұмағұлов, Президент Әкімшілігі, Спорт агенттігі және БАҚ өкілдері қатысады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе