Алматыда түлектер үшін қымбат көлік жалдауға тыйым салынды

– Алматы қалалық Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева мектеп түлектері үшін мереке ұйымдастыруға қатысты тыйымдарды айтты, деп тілшісі.

Атап өтілгендей, мектепті аяқтауға байланысты түрлі іс-шаралар ұйымдастыруға жол берілмейді. Мәселен, аниматорлар, мерекелік агенттіктер мен жеке студиялардың қызметін тартуға, кешті салтанатты түрде өткізуге, аста-төк дастархан жаюға, қымбат көлік жалдауға тыйым салынады. «Сонымен қатар, мектептегі іс-шараларға қаражат жинауға жол берілмейді», - деді Ләззат Жылқыбаева онлайн-брифинг барысында. Бұған дейін қала әкімдігі соңғы қоңырау қалай өтетіні туралы айтқан болатын.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе