Б. Жұмағұлов еліміздің аға-буын және жас ғалымдарын мерекемен құттықтап, марапаттады

АСТАНА. 12 сәБүгін Қазақстанның ғылыми қоғамдастығы Ғылым қызметкерлері күнін атап өтуде.Соған орай, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Ғылым қызметкерлерінің күніне арналған салтанатты жиын өтті. Сондай-ақ Қазақстанның жетекші ғалымдарын марапаттау рәсімі болды. ҚР Білім және ғылым министрлігінің марапатына еліміздің көрнекті ғалымдары ғана емес, талантты жас ғалымдар да ие болды.  ҚР Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов отандық ғылым саласының мамандарын төл мерекелерімен құттықтап, оларға шығармашылық табыс пен жетістіктер тіледі.

«Расында да, Қазақстанның ғылыми әлеуеті әрқашан жоғары деңгейде болды. Біз ірі ғалымдарымызбен мақтанамыз. Тәуелсіздік жылдарында отандық ғылым халықаралық деңгейде математика, биотехнология, фитохимия, нанотехнология, металлургия және басқа салалар бойынша үлкен нәтижелерге қол жеткізді», - деді министр құттықтау сөзінде.

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанда 412 ғылыми ұйым жұмыс жасап отыр, онда 18 мыңнан астам ғылыми қызметкер жұмыс істейді.

«Елбасының қолдауымен ғылымды қаржыландыру үздіксіз өсіп келеді. 2011 жылы ғылымды қаржыландыру көлемі 26,8 млрд. теңге болса, 2012 жылға 49,7 млрд. теңге бөлінді. Бұл 61 пайызға өсті деген сөз. 2015 жылға қарай ғылымға кететін шығыстар Ішкі жалпы өнімнің 1 пайызын құраса, 2020 жылы 1,5 пайызға жетеді», - деді Б. Жұмағұлов.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе