ҰБТ тесттеріне мазмұнды жауапты талап ететін сұрақтар мен эссе қосылады - А.Сәрінжіпов

АСТАНА. 29 Ұлттық бірыңғай тестіне толыққанды, мазмұнды жауап талап етілетін сұрақтар қосылады. Бұл туралы бүгін 2014-2016 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласы дамуының басым бағыттары талқыланған Үкімет отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті.«Оқушылардың білімін бағалауға арналған Бірыңғай ұлттық тестілеу тестіне толыққанды жауапты, сонымен қатар эссе жазуды талап ететін сұрақтар қосылатын болады», - деді ол.

Сонымен қатар министрдің айтуына қарағанда, тестілеу оқыту бағытын және мектептердегі білім беру деңгейіне көшіруді айқындау үшін қолданылмақ. Бұдан бөлек мектеп оқушылары оқу жылы ішінде бірнеше мәрте тест тапсыру мүмкіндігіне ие болады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе