Бахтияр Артаев пен Василий Левит - Қарағандыдағы ЖОО магистранттары

Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетінің бірінші курс студенттері атақты спортшылармен кездесті, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.Студенттер мәдениет сарайында «Тәуелсіз елімнің туын желбіреткен чемпиондар» деген атаумен концерт өтті.

Атап өтер жайт, биылғы оқу жылында ҚЭУ магистратурасында «жұлдызды» топ жиналды. Жаңадан келгендер қатарында танымал спортшылар мен атақты айтыскер Дидар Кәмиев бар.

- Жаңа оқу жылында ҚЭУ магистранттар құрамы бүкіл Қазақстан білетін және құрметтейтін көптеген табысты адамдармен толықты. Олардың қатарында: Дидар Кәмиев, Қамшыбек Қонқабаев, Василий Левит және Бахтияр Артаев. Бүгін олар 1-ші курс студенттерімен кездесуге келді. Біздің университет жыл сайын осындай мерекелік шаралар ұйымдастырып отырады, - деді қоғаммен байланыс бойынша бас маман Лейла Ивадилинова.

Осындай әйгілі адамдардың басын бір залда жинау мүмкіндігі жиі туа бермейді. Қонақтар ҚЭУ ректоры, профессор Ерқара Аймағамбетовтың шақыруын қабылдап, оқу ордасының студенттерімен кездесуге келген.

«Жұлдызды» магистранттардан басқа кездесуге өзге деа танымал тұлғалар келді. Олардың кейбірі ҚЭУ-нің түлегі болса, кейбірі әлі де университетте жоғарғы білім алып жатыр. Қонақтар қатарында Олимпиада чемпионы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Сәпиев, ҚР бокс бойынша Ұлттық құрамасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжанов, Әлем Кубогының күміс жүлдегері, Еуропа чемпионы Серік Нұрқазов, Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Серік Елеуов, ҚР Парламенті Сенатының бұрынғы депутаты, бизнесмен, ҚЭУ құрметті профессоры Ерлан Нығматулин бар. Бірінші курс студенттерімен Азия чемпионатының күміс жүлдегері, әлем чемпионатының қола жүлдегері Аблайхан Жүсіпов те кездесті. Ол осы ЖОО-ның 4-ші курс студенті болып табылады.

Өмірде белгілі бір жетістіктерге қол жеткізген бұл тұлғалардың барлығын еңбекқорлық, мақсаткерлік, жеңіске деген ынта жәнеде ең бастысы - Отанға деген махаббаты біріктіреді.

- Биылғы жылы мен ҚЭУ-нің магистратурасына «кедендік іс» мамандығы бойынша түстім. Бұл оқу ордасын бекерден таңдаған жоқпын, мұнда әрдайым спортшыларға қолдау көрсетілетінін білемін. Бірінші курс студенттеріне мақсаткерлік пен сәттілік тілеймін, - деді бокс бойынша Қазақстан құрамасының мүшесі, 2017-ші жылы Германияда өткен бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Қамшыбек Қонқабаев.

 Естеріңізге сала кетейік, ҚЭУ магистратурасына «кедендік қызмет» мамандығы бойынша Олимпиада ойындарының иегері Василий Левит түсті. Сонымен қатар бұл жоғары оқу орнында танымал боксшы, Олимпиада чемпионы Бахтияр Артаев та оқитын болады. Ол «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығын таңдаған. Ал атақты айтыскер Дидар Кәмиев «құқықтану» бойынша білімін жетілдіреді.  Оладың барлығы мемлекеттік білім грантын алып, тегін оқиды. Магистрлік курс екі жылға созылады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе