ҚР-дың Қытайдағы Елшісі Н. Ермекбаев қазақстандық студенттерді шетелде өз жерін лайықты таныстыруға шақырды

ҚХР-дағы Қазақстанның Елшісі Нұрлан Ермекбаев  Халықаралық бизнес және экономика университетінде (UIBE) Бейжіңдегі қазақстандық студенттермен кездесу өткізді. Кездесу барысында елші қазақстандық студенттерді оқуға жауапкершілікпен қарап, уақытты тиімді пайдалануға, ой-өрістерін кеңейтуге,  шетелде жүргенде өз жерін лайықты таныстыруға шақырды.  Н. Ермекбаев өз сөзінде жастарға Қазақстан мен Қытайдың ынтымақтастығын, ҚР мен ҚХР-дағы оқу процесінің қарқынды дамуын, сондай-ақ Қазақстан  азаматтарының Қытай жерінде құқықтарының қорғалуы туралы айтып кетті.

Елші сондай-ақ қоғамдық жұмыс пен оқуда белсенділік танытқан студенттерді атап кетті. Сонымен қатар кейбірінің оқу үлгерімінің нашарлығын да (былтыр қытай оқу орындарынан 50-ге жуық қазақстандық студент оқудан шығып қалған), криминалды жағдайға тап болуларын (төбелес, алкогольді ішімдік пен есірті қолдану, т.б.), визалық тәртіп  бұзатындықтарын, кейбір студенттердің кәсіпкерлікпен айналысатындықтарын айтып өтті.

«Қазақстандық студенттер біздің мемлекетімізді шетелге танытатын дипломаттар болып табылады. Сондықтан жергілікті заңдар мен ережелерге бағынумен қатар өз еліңнің тәрбиесі мен мәдениетін жоғары деңгейде көрсете білу қажет», - деді ол.

Студентердің алдында сонымен бірге ҚХР-дағы ҚР Елшісінің білім бойынша кеңесшісі Марғұлан Күзекбаев, елшілік бөлімінің қызметкері Болат Үсенов сөз сөйледі. Студенттер шара барысында дипломаттарға Қытайдағы өз өмірлері мен оқуларына қатысты, алдағы уақытта Қазақстанға жұмысқа орналасу сияқты сұрақтар қойды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе