Қазақ-Америка университетінде арулар байқауы өтті

Жуыда Халықаралық білім беру корпорациясының қолдауымен Қазақ-Америка университетінің (ҚАУ) студент қыздары арасында  «Queen of University-2019» арулар байқауы өтті, деп .  

Биылғы жарияланған Жастар жылы аясында Қазақ-Америка университеті студент жастардың осындай игі бастамаларына қолдау көрсетіп отыр.  Жыл сайынғы өткізілетін дәстүрлі шара ҚАУ студент өнерпаздарының өмірдегі естен кетпес ең жарқын сәттерінің бірі болып қалары анық.

«Queen of University-2019» байқауына қатысқан жоғары оқу орннының ең сұлу арулары таныстырған «Ерке-Нұр» сән үйінің ұлттық нақыштағы киім үлгілерінің көрсетілімін көпшілік айрықша қызығып тамашалады. Университеттің ең сұлу қызы атану үшін 12 қыз бақ сынады. Олар бірнеше ай бойы жарысқа дайындалып, өздерінің  бойларындағы дарындарын көрсетуге тырысты.  

Байқау ережесіне сай арулар сахнада шығармашылық, интеллектуалдық қабілеттерін көрсетіп, коллекциялық киім мен сәнді  көйлек үлгісін таныстырды.

Қазылар алқасының құрамында дизайнерлер мен модельдер болды. Сондай-ақ, байқауға қатысушылардың дарынын Юнеско-ның ҚР-дағы геосаясаттар жөніндегі ұлттық комитетінің төрағасы Диляра Вудворд, ҚР Сыртқы істер министрлігі Алматы қаласындағы өкілдігінің кеңесшісі Руслан Бультриков, «Ерке-Нұр» сән үйінің жетекшісі Фарида Мерхамитқызы және мәдениет, өнер қайраткерлері жоғары  бағалады.

Айта кету керек, америкалық және қазақстандық білім беру бағдарламаларының синтезі негізінде осындай жоғары оқу орнының рухани-мәдени маңызды байқауының негізін қалаушы ҚАУ-нің президенті Әмірлан Құсайыновтың өзі болды. Мәселен, 1997 жылдан бастап ҚАУ еліміздің білім беру алаңында өзінің табыстылығымен іргелі білім ордасының қатарында келеді.

Биыл қазақы дәстүрлерді кеңінен насихаттап жүрген байқауға 21 жыл толып отыр.

Біздің әріптес ұйымдарымыздың арқасында байқау әрдайым жоғары деңгейде өткізіліп келеді. Мұндай бірегей жобаның мақсаты - жас ұрпақты  мәдени өмірге тарту, олардың бойында эстетикалық талғамды қалыптастыру,   жастардың ұлттық дәстүр мен ел тарихын, әдебиетін  жетік білуге тәрбиелеу», - деп атап өтті университеттің сыртқы байланыстар және студенттік мәселелер бойынша проректоры Жанерке Иманбаева.

Араулар арасынан өн бойы озық шыққан «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығы бойынша білім алып жатқан 2 курс студенті Айдана Нұрбаева сұлулық байқауының тәжінің иегері атанды. 

«Бұл байқаудан көп нәрсені түйдім. Бізге ұйымдастырушыларға осындай мүмкіндік бергені үшін алғысым шексіз. Бұл жоба маған өз армандарымды жүзеге асыруға үлкен әсері болатыны сөзсіз», - деді Айдана.

Салтанатты кештің соңында Қазақ-Америка Университетінің Президенті Әмірлан Құсайынов байқаудың жеңімпазы Айдана Нұрбаеваға 180 000 теңгенің қаржылай сертификатын табыс етті.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе