Түлкібаста үш мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде

– Түркістан облысы, Түлкібас ауданында үш бірдей мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атқарылып жатқан жұмыстарымен танысу үшін аудан әкімі Нұрлан Байғұт үш мектепке арнайы барып, құрылысшылармен кездесті , деп тілшісі. «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан білім ошағында ішкі және сыртқы әрлеу жасалып, электр және дабыл қағу жүйесі жаңартылуда. Сондай-ақ, мектепке жаңа жылу жүйесі орнатылмақ. Құрылыс жұмыстарын аралаған аудан басшысы ғимараттың сыртқы келбетін жаңбыр мен желге төзімді сайдник материалымен қаптау қажеттігін және мектептің артқы бөлігіндегі қоршауын жаңарту керектігін ескертті. Аудандық білім бөлімінің басшысына сыртқы құрылыс жұмыстары басталмай тұрып қайта есептеу жүргізуді тапсырды. Ал, А. Байтұрсынов пен М. Ломоносов атындағы мектептерде күрделі жөндеу жұмыстары сәуір айының аяғында басталған болатын. Бұл ғимараттардың жөндеу жұмыстарына жергілікті тұрғындар тартылған. Тапсырылған жұмыстар дер кезінде аяқталса, оқушылар келесі оқу жылын жаңарған мектеп ғимаратында бастайды деп жоспарланып отыр.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе