«Балапан» бағдарламасының арқасында Ақмола облысында балабақшаға кезекте тұрғандардың саны әлдеқайда қысқарды

АСТАНА. 26 «Балапан» бағдарламасының арқасында Ақмола облысында балабақшаға кезекте тұрғандардың саны 2 226-ға қысқарды, деп хабарланды Ақмола облысының ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметінен.«Балабақшаға кезекке тұрғандардың санының 2 226-ға қысқаруы - «Балапан» бағдарламасының маңызды жетістігі. Бағдарлама аясында 3,5 жылда облыста 11 206 орынға 237 мектепке дейінгі мекеме (52 балабақша, 18 шағын орталық) ашылды. 8 балабақша салынып, білім бөлімдері балансқа қайтарылып, 20 балабақша қайта қалпына келтірілді, 24 жекеменшік балабақшалары ашылды, мектеп жанынан 185 шағын орталық құрылды», - делінген хабарламада.

2020 жылға дейін облыста 7160 орынға 38 нысан салу, 1640 орынға 15 нысанды қайта қалпына келтіру және қайтару, бұрынғы балабақша болған 860 орынға арналған 6 ғимаратты босату, 4517 орынға 141 шағын-орталық ашу және 3452 орынға арналған 26 жекеменшік балабақша ашу жоспарлануда.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе