«Балапан» бағдарламасы бойынша заң бұзушылықтар анықталды

АҚТАУ. 24 Бұл туралы Маңғыстау облыстық  прокуратурасы мәлімдеді. Орган қызметкерлері 2010-2011 жылдары аталған бағдарламаны жүзеге асыруда жергілікті атқарушы органдардың заңдылықты сақтау жайын тексеріп, біразкемшіліктердің бетін ашқанын айтады.

Тексеру барысында Мұнайлы аудандық білім бөлімі мен аудан әкімдігінің облыстық білім басқармасына аталған бағдарламаны жүзеге асыру жөнінде нақты мәлімет бермей келгендігі белгілі болды. Мәселен, олар 90 орындық №3 балабақшаға 120 баланың қамтылғаны жөнінде ақпарат берген.

Ауданның басқа мектепке дейінгі мекемелерінде де осындай жайлар орын алған. Сонымен қатар, аудан бойынша балаларды қамту мәліметі де асыра берілген. Мәселен, әлі пайдалануға берілмеген балабақшаға 280-нен 320-ға дейін бала қамтылды деп ақпарат берілген.

Сонымен қатар мектепке дейінгі мекемелердің санитарлық-эпидемиологиялық жағдайының заң талаптарына сай еместігі анықталды.

Түпқараған ауданындағы «Бүлдіршін» шағын орталығы санитарлық-эпидомиологиялық қадағалау органдарының ресми рұқсатынсыз пайдалануға берілген. Нәтижесінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен санитарлық ереже талаптары бұзылып, орталықта залалсыздандыру шаралары өткізілмеген, санитарлық кітапшасы жоқ үш қызметкер жұмыс жасап жүрген.

Ауданның «Балапан» шағын орталығында да төрт қызметкердің санитарлық кітапшасы жоқ болып шықты. Сонымен қатар аталған орталықтың ас үйіндегі ыдыстардың жуындысынан ішек таяқшаларының бактериясы табылды.

Сондай-ақ, Ақтау қаласының кейбір мектепке дейінгі мекемелерінде педикулез, қотыр және дерматомикозды анықтау шаралары, Жаңаөзен қаласының шағын орталықтарында электр және жылу құралдарын қолдануда қауіпсіздік ережелері сақталмайтындығы анықталды.

Тексеру кезінде сондай-ақ, балабақшаларға орын бөлгенде кезектің сақталмайтындығы, облыс білім беру салаларындағы өкілетті органдардың мектепке дейінгі балалар мекемесіне кезекте жоқ балаларға жолдама бергендігі де анықталды. Ал, Жаңаөзен қаласындағы шағын орталықтарға балалар тіпті білім бөлімінің жолдамасынсыз қабылданып келген.

Мектепке дейінгі мекемелерде балалар саны белгіленген нормадан асып кеткен жайлары да белгілі болды. Осының салдарынан екі бала бір шкафты пайдаланған, кереуеттер мен ойыншықтар, басқа да қажетті заттар саны жеткіліксіз болған.

Балапан бағдарлама аясында Маңғыстау облысында  соңғы екі жылда 7375 орындық 89 мектепке дейінгі балалар мекемесі ашылды.

Сонымен қатар, төтенше жағдайлар саласында да заң бұзушылықтар орын алған.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе