Ветеринарлық инспекция қызметін сапалы деңгейге көтеру қажет - ғалым пікірі

АСТАНА. 20 сәВетеринарлық инспекция қызметін сапалы деңгейге көтеру қажет. Бұл туралы бүгін елордада «Қазақстан Республикасындағы ветеринарияның жағдайы және даму перспективасы» тақырыбында өткен халықаралық конференцияда С.Сейфуллин атындағы Қазақ  агротехникалық университеті ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультетінің деканы Балғабай Майқанов айтты.

Мал шаруашылығы саласында қордаланған мәселелерді шешу және ветеринария жүйесін дамыту мақсатында бірқатар шараларды іске асыру қажеттігін баса айтқан ол: «Ветеринарлық инспекция қызметін жаңа сапалы жоғары деңгейге көтеруіміз қажет. Бір жағынан, эпизоотикалық ахуалға жауапты ете отырып, заңдардың орындалу барысын қадағалайтын маманмен толықтырып,  екінші жағынан техникалық-материалдық жабдықтармен және транспорттық құралдармен қамтамасыз етуіміз керек», - деді.

Ғалымның пайымынша, ветеринариядағы  инспекциялық  қызметтің тұтастығын қамтамасыз ету өте маңызды. Осыған орай, ветеринарлық қадағалауды шекарадағы кедендік қызметтің бақылауына бермеу керек.

«Себебі мұндай қадам бекітілген ортақ заңмен, ортақ нормативтік актілермен жұмыс жасайтын тұтас ветеринарлық қызметтің біркелкілігін бұзады», - деді ол.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе