Қытайдағы үздік қазақстандық студенттердің есімдері аталды

Қытайдағы ҚР Елшісі Нұрлан Ермекбаев Бейжіңде оқып жатқан қазақстандықтармен кездесуінде оқу мен қоғамдық жұмыстарда үздік көрініп жүрген студенттердің есімдерін атады.«Елшілік біздің студенттердің оқу деңгейін үнемі назарда ұстайды. Қытайлық оқытушылардың мінездемелеріне орай оқуда үздік атанғандарды атап өтуге болады. Олар: Қытай Ғылым академиясының Инновациялық технология институтының магистранты  Нұрсұлтан Қалықұлов, Бейжің дәстүрлі медицина институтының  5-інші курс студенті Айгүл Сұлтанбек, Бейжің политехникалық институтының ақпараттық технология факультетінің 4-інші курс студенті  Арман Сыдықов, Медицина университетінің 5-інші курс студенті Ғалымжан Исабеков, «Цинхуа» университетінің қытай тілі факультетінің 3-інші курс студенті Яна Ким. Бұдан басқа да оқуда жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп жүргендер аз емес»,-деді Нұрлан Ермекбаев.

Елші сонымен қатар Бейжіңдегі (Ален Нұрбаев), Шанхайдағы (Тілектес Адамбеков) және Ухандағы (Жандос Жағыпаров) қазақстандық студенттер қауымдастығының жұмысын атап өтті.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе