Жоғары оқу орындарында заңгерлерді даярлаудың сапасын арттыру үшін заңгерлік қоғамдастықтың әлеуетін пайдалану қажет - И.Меркель

АСТАНА. 16  Жоғары оқу орындарында заңгерлерді дайындаудың сапасын арттыру үшін заңгерлік қоғамдастықтың әлеуетін пайдалануға болады.Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан Қазақстан Заңгерлердің І республикалық съезінде ҚР Бас прокурорының орынбасары Иоган Меркель айтты.«Жоғарғы оқу орындарында заңгерлерді даярлаудың сапасын арттыру үшін заңгерлік қоғамдастықтың әлеуетін пайдалануға да болады», - деді ол.

И. Меркельдің атап өтуінше, аталған бағыттағы оң тәжірибе АҚШ-та бар. Онда американдық заңгерлер қауымдастығы білім беру сапасына қоғамдық баға беріп, құқық саласында білім беретін жоғары оқу орындарына өз рейтингісін қалыптастырады.

«Бұл ұсынылатын білімге тысқары берілетін бағалау болғандығына қарамастан оқу мекемесі үшін барынша маңызды әрі мәртебелі болып табылады. Өйткені ол, жоғары оқу орны оқытушыларының мәртебесіне әсер етеді», - деді ол.

Оның пайымынша, аталған шара әкімшілік әсер ету арқылы емес, қоғамдық бақылау жолымен заңгерлік білім берудің сапасын көтеруге мүмкіндік береді.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе