Астанада Әлихан Бөкейхан музейі ашылды

Астана қаласындағы №76 мектеп-лицейінің ішінен ұлт көсемі, Алаш қозғалысының қайраткері Әлихан Бөкейханға арналған музей ашылды. Бұл туралы «Ақжол» демократиялық партиясының баспасөз қызметіне сілтеме хабарлайды.

Музейдің салтанатты ашылу рәсіміне ғалым әрі Әлиханның ұрпағы Ортай Әбдірахманов ақсақал, белгілі алаштанушы ғалымдар - профессор Тұрсын Жұртбай, әлихантанушы Сұлтан Хан Аққұлы, ҚР ҰҒА академигі Дихан Қамзабекұлы және «Ақ жол» демократиялық партиясының мүшесі, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Берік Дүйсембинов, сондай-ақ ата-аналар мен оқушылар қатысты.

Ғалым Сұлтан Хан Аққұлы өз сөзінде бұл Әлиханның құрметіне ресми түрде ашылған тұңғыш мұражай екенін айтып өтті.

Жаңадан ашылған мұражайда Алаштың ардақты азаматының портреті, қайраткерлік кезеңдерін көрсететін құжаттық деректері бар арнайы стендтер қойылған.

Сонымен қатар, алаштанушы ғалымдар Абай, Алаш, Әлихан, Шәкәрім, Мағжан атындағы дәрісханаларда сабақ өткізді. Ал, мектептің бастауыш сынып оқушылары Алаш тақырыбында мәнерлеп өлең оқыды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе