Жылдың үздік спортшысына ИнЕУ гранты табысталды - Павлодар

ПАВЛОДАР. 6 Павлодар Инновациялық Еуразиялық университетінің тегін оқу гранты өткен жыл қорытындысы бойынша біраз спорттық жетістіктерге қол жеткізген студент Анастасия Гусеваға берілді, деп хабарлайды жоғары оқу орнының баспасөз қызметінен.Ол «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша төртінші курста оқиды. Жыл қорытындысы бойынша, олимпиадалық емес спорт түрлері бойынша үздік спортшы деп танылды.

Халықаралық деңгейдегі спорт шебері Анастасия Гусева 72 келі салмақта ересектер арасындағы 2013 жылдың абсолютті әлем чемпионы, 170 келі салмақта штанганы жатып сығымдап көтеру жаттығуларынан рекорд орнатқан спортшы.

А.Гусеваны жылдың үздік спортшысы деп таныған Павлодар әкімдігінің құрмет грамотасын оқу кеңесінде университет ректоры Асқар Қамербаев табыстады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе