С. Ахметов: Үш ауысымда білім беру мен апатты мектептер проблемасына нүкте қою керек

АСТАНА. 31 Апатты мектептер мәселесі күнтәртібінде тұрған өңірлерде тиісті шешімдер белсенді түрде атқарылады.

Бұл туралы бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігің кеңейтілген алқа мәжілісінде Үкімет басшысы Серік Ахметов айтты.

«Барлығымыз кірісіп, мектептерде үш ауысымда білім беру мен апатты мектептер проблемасына нүкте қою керек. Өкінішке қарай, бізде бұл мәселе бар»,-деді Үкімет басшысы.

Өз кезегінде Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов 2013 жылдың басты міндеті апатты және үш ауысымда оқытатын мектептерді жоюға негізделетінін айтты. «Тәжірибе көрсеткендей, апатты мектептерді қанша жойсақ та, олар сол көлемде қайтадан пайда болып жатыр. Сондықтан осы проблеманы түбегейлі шешу үшін жаңа нақты механизм әзірлеу қажет. Ол тек фактіні ғана анықтамауы тиіс. Сонымен қатар, алдағы жылдарға жоспарлы түрде негізделген уақытылы жөндеуді жүргізе отырып, апаттың алдын алуды қарастыру қажет. Бұл жерде негізгі жауапкершілік жергілікті атқарушы органға жүктеледі»,-деді Б. Жұмағұлов.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе