Қызылорданың бір ауданында 4 мыңдай балаға қайырымдылық көмек көрсетіледі

Қармақшы ауданының №250 мектеп-лицейі базасында «Бақытты балалық шақ мекені» ұранымен акция ұйымдастырылды.Облыс әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, аудан әкімінің орынбасары Ж.Сүйеубаев мектеп жасындағы аз қамтылған, көп балалы, толық емес отбасылардың балалары, ерекше көмек қажет ететін, жетім, ата-анасының қомқорынсыз қалған және әлеуметтік әлсіз топтағы балаларды оқу құралдарымен, қажетті киім-кешекпен қамтамасыз еткен демеушілерге алғысын жеткізді. Мекемелер мен бөлімдердің, кәсіпкер азаматтардың қатысуымен болған шарада 55 балаға көмек көрсетілді. 

1-10 тамыз аралығында 60 балаға 300 000 мың теңге көлемінде көмек көрсетілсе, алдағы уақытта «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» компаниясының қолдауымен 50 балаға демеушілік жасалады.  Жалпы, аудан бойынша «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында 3 942 оқушыға көмек көрсетіледі деп жоспарлануда.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе