ОҚО әкімі 431 «Алтын белгі» иегері 100 балды жинай алмағаны үшін мұғалімдерге сын айтты

Оңтүстік Қазақстан облысында биылғы оқу жылында жаңа 20 мектеп іске қосылады. Тағы  23 мектептің құрылысын 2018-2019 жылдары аяқтау жоспарланып отыр. Бұл туралы облыс әкімі Жансейіт Түймебаев өңірдегі білім қызметкерлерінің тамыз конференциясында мәлімдеді, деп ХАА тілшісі.   Аймақ басшысының сөзінше, биыл республика көлемінде 1 қыркүйек күні жаңадан 48 мектеп берілсе, соның 20-сы оңтүстік өңірінде ашылады. Сондай-ақ өңірде биылғы жылы білім саласын қаржыландыруға облыстық бюджеттен 257,6 млрд. теңге бөлінген. Мұнан бөлек, 31,2 млрд. теңгеге 79 білім нысанының құрылысы жүргізіліп жатса, оның 29 білім нысаны жыл соңында пайдалануға берілмек. Осылайша  алдағы төрт жыл көлемінде 205 жаңа мектеп салу жоспарланып отыр.

«Ауылдарды мектептер салынып жатыр, ол біздің міндетіміз. Ал биыл Ұлттық бірыңғай тестілеуде республика бойынша 15-ші орынға тұрақтап отырмыз. Ал 431 «Алтын белгі» иегері 100 балды да жинай алмаған. Түлектердің 13 пайызы шекті 50 балды да жинай алмаған. Міне, біздің деңгейіміз. Сондықтан бірігіп жұмыс істеуіміз керек. Мектеп бітірген жастар сұранысқа ие мамандар болуы керек, жұмыссыз жүрмеуі тиіс. Бүгінгі тамыз кеңесі - білім беру ісіндегі жеңістеріміз бен кемшіліктерді саралайтын айшықты алаң және алдымызда тұрған міндеттерді пысықтайтын маңызды басқосу. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді» деген болатын. Сондықтан да бүгінгі таң - білім беру мазмұнына, оқушы мен педагог тұлғасына және қызметіне деген көзқарастар түбегейлі өзгеріске бет бұрып отырған күрделі кезең», - деді өңір басшысы.                       

Облыс әкімінің айтуынша,  жаңа оқу жылында мектептерге 640 мыңға жуық оқушы келеді деп жоспарланып отыр. Бұл мектептегі бала саны  өткен жылмен салыстырғанда 28 мыңға артады деген сөз. Оның ішінде 1-сыныпқа  баратын балалар саны  73 691  баланы құрап отыр. Жалпы өңір бойынша 1036 мектеп бар болса, оның 7-еуі - жеке меншік. Оған қоса, осы оқу жылында  8 жаңа мектеп ашылды деп күтілуде, Мақтарал ауданында 1-еу, Ордабасы ауданында 2-еу, Сайрам ауданында 1-еу, Түлкібас ауданында 1-еу және Шымкент қаласында үш мектеп. 2017-2018 оқу жылында 11-сыныпты 35 мыңға жуық түлек  бітіретіні күтілуде. Сондай-ақ, өңірде қазіргі  таңда 69 мыңнан аса мұғалім білім береді. Бұдан бөлек, балаларды оқулықпен қамтамасыз етуге 4,5 млрд. теңге бөлінген. Өзбек, тәжік мектептеріне арналған жаңа мазмұнды сынып оқулықтары аударылып, баспадан шығарылуда. Осындай жұмыстар атқарылып жатқан соң өңір басшысы білім саласы қызметкерлерін сапаға мән беріп жұмыс істеуге шақырды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе