Мұғалімдер өрт қауіпсіздігі ережелерін біле ме: Үкімет басшысының жауабы

Соңғы үш жылда білім беру ұйымдарында өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылыққа жол бергені үшін 4537 лауазымды тұлғаға айыппұл салынған. Мұндай мәлімет мәжілісмен Бақтияр Мәкеннің депутаттық сауалына Үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаевтың берген жауабында айтылған, деп тілшісі.«Қағидаларға сәйкес өртке қарсы тақырып бойынша білім беру ұйымдарында білім алушылармен тиісті сабақтар мен әңгімелесулер өткізу көзделген. Өрт қауіпсіздігінің мәселелері орта білім беру ұйымдарында «Өмір қауіпсіздігінің негіздері» оқу курсының шеңберінде, мектепке дейінгі ұйымдарда «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеудің үлгілік оқу жоспары» шеңберінде оқытылады. Педагог қызметкерлер жұмысқа өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша нұсқама алған кезде, ал жұмыстың ерекшелігі өзгергенде ықтимал өрттердің алдын алу және сөндіру бойынша қосымша оқудан өткеннен кейін ғана жіберіледі», - делінген жауапта.

Премьер-Министрдің жауабына сәйкес, бүгінгі таңда білім беру ұйымдары өрт қауіпсіздігінің алдын алу бойынша ақпараттық бұрыштар және алғашқы өрт сөндіру құралдарымен жарақтандырылған. Сондай-ақ кезеңдер бойынша  өрт қауіпсіздігі құралдарымен және азаматтық қорғауды хабарлау жүйесімен (өрт сөндірудің алғашқы құралдары, автоматтандырылған өрт дабылқаққыштары) жарақтандыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

«Соңғы үш жылда өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылыққа жол бергені үшін жалпы 119,2 млн теңгеден астам сомаға 4537 лауазымды адам айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Білім беру нысандарында өрт қауіпсіздігі шараларын жетілдіру мақсатында жергілікті атқарушы органдар тиісті іс-шаралар жоспарларын бекітті. Өрт қауіпсіздігі саласында қызмет көрсететін ұйымдармен шарттар жасалуда. Білім беру ұйымдары азаматтық қорғаныс (АҚ) және төтенше жағдайлар, білім алушыларды шұғыл эвакуациялаудың жоспар-сызбалары бекітілді, құрамалар (АҚ штабы) жасақталып, жауаптылар тағайындалды, өрт сөндіру қызметі органдарымен бірлесіп мектеп ұжымдары мен оқушыларына интерактивті сабақтар жүргізіледі», - деп хабарлады Бақытжан Сағынтаев.

Үкімет басшысының жауабына сәйкес, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Ақтөбе және Қызылорда облыстарының әкімдіктері тексеріс барысында анықталған кемшіліктерді жаңа оқу жылы басталғанға дейін жоюды жоспарлап отыр.

Еске сала кетсек, 2 мамырда өткен Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Бақтияр Мәкен мұғалімдердің өрт қауіпсіздігі ережелерін білмеуіне алаңдаушылығын білдірген болатын. Оның айтуынша, ҚР ІІМ 2017 жылдың мамырынан бастап білім беру мекемелерінде өрт қауіпсіздігіне тексерістер жүргізген. Тексерістің нәтижелері бойынша 33 мыңнан астам өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзушылық анықталған.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе