Нобель сыйлығының лауреаттары: Еуразиялық экономикалық одақтың болашағынан үлкен үміт күтуге болады

Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде VІІ Астана экономикалық форумы аясында «Қазақстанның инновациялық экономикасы - жаһандану жағдайында тұрақты дамудың факторы» атты жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы өтіп жатыр.Конференцияда Нобель сыйлығының лауреаттары Финн Кидланд, Эрик Маскин, Джордж Фицжеральд Смут III  жас ғалымдар алдында дәріс оқыды.

Бұл туралы Еуразия ұлттық университетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Нобель сыйлығының экономика саласы бойынша 2004 жылы лауреаты  Финн Кидланд әлемдегі қаржы экономикалық дағдарыстың қазіргі жай-күйіне талдау жасады. Ол Еуропадағы қаржылық дағдарыс  толықтай тұрақталмағанын алға тартты. Кидланд ортақ экономикалық кеңістікте валюталық одақ құру тиімсіз деген тұжырымымен бөлісті. Ол бұл тұрғыда ЕуроОдақтың еуросын нақты мысал ретінде келтірді.  Ғалым Еуразиялық экономикалық одақтың болашағына қатысты өз болжамын  айтты. Кидланд егер бұл ұйым сауда, тауар айналымын кеңейтуге бағытталған үрдісінен жаңылмаса, онда келешегінен үлкен үміт күтуге болады деп есептейді. Тек ортақ валюта мәселесінен аулақ болу керектігін жеткізді.

Нобель сыйлығының тағы бір лауреаты Эрик Маскин болса, әр дамығысы келетін ел  тек әлемдік қауымдастықпен ашық әріптестік қатынасты өрбіте алса ғана жетістікке жете алады, деп мәлімдеді. Тұйықталып қалғаннан, қандай қоры бар ел болса да зардап шегетінін шегеледі.      

Ғарыш мәселелері бойынша Нобель сыйлығын алған Джордж Фицжеральд Смут III  адамзат Айды бағындыру жобасына аяқ басқанын айтты. Марстан теңіз іспетті алып сулы аумақ табылғанынан хабардар етті. Өзіне жас ғалымдар қойған «Сіз құдайға сенесіз бе?» деген сауалға: «Маған жеке басыма қатысты емес, ғылымға қатысты сауал қойсаңыздар» деп жауап берді. Әлемдік деңгейдегі үш атақты  ғалымның дәрісін  Еуразия Ұлттық университетінің студенттерімен бірге онлайн режимде облыс орталықтарындағы ондаған жоғарғы оқу орындары да студенттері де  тыңдап, өздерінің сұрақтарын қойды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе