Павлодар педагогикалық институтының студенттері VIII Бүкілукраниналық олимпиададан жүлделі оралды

ПАВЛОДАР. 6 сәПавлодар мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері VIII Бүкілукраниналық олимпиададан «Коррекциялық білім беру» мамандығы бойынша табысты оралды.Наурыз айының аяғында Киевте өткен зияткерлік сайыстарға Қазақстан, Ресей, Беларусь, Молдова және Украинаның студенттері қатысты, деп хабарлады ПМПИ-ның баспасөз қызметінен.

Олимпиада тапсырмаларына жазбаша тест тапсырмалары, байқаудың шығармашылық жұмыстарын ұсыну кірді. Қатысушылар жұмыстарын Укранинаның жетекші ғалымдары мен М.Драгоманов атындағы коррекциялық педагогика мен психология институтының мамандары бағалады.

«Үздік және ақпаратты таныстырылым үшін», «Үздік эксперименттік зерттеу үшін» және «Озық педагогикалық тәжірибені жариялау үшін» аталымдарында павлодарлық Гүлфия Рафикова, Қайырболат Темірболат және Мария Ткаченконың жұмыстары жүлделі болды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе