Қазақстанның 16 аумағында аумақтық симуляциялық орталықтары құрылады

Қазақстанның 16 аумағында аумақтық симуляциялық орталықтары құрылады, деп хабарлады Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының баспасөз қызметінен.Мұндағы мақсат - жоғары оқу орнынан кейінгі білімді жетілдіру, жаңа технологияларды енгізу, симуляциялық оқытуды дамыту, тәуелсіз бағалау институтын құру.

«Біз біліктілік санатын беру үшін барлық мамандарды Астана мен Алматыға жібере алмаймыз, өйткені бұл экономикалық жағынан тиімсіз. Сондықтан барлық 16 өңірде аумақтық симуляциялық орталықтарын құру жөнінде шешім қабылданды. Барлық аумақта медициналық ЖОО жоқтығын ескере отырып, ондағы үйлестіру жұмыстарын медициналық колледждерге жүктеу туралы шешім қабылданды», - деді ҚР ДСМ Ғылым және адами ресурстар департаментінің директоры Алма Сыздықова.

Аумақтық симуляциялық орталықтар негізінде денсаулық сақтау мамандары бірыңғай әдіс арқылы  жедел көмек беру бойынша оқудан өтеді, кәсіби дайындығы мен біліктілік талаптарына сәйкестігі бағаланады.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе