Шанхайда Қазақстан Республикасында жастар саясатын дамыту мәселесі талқыланды

БЕЙЖІҢ. 29 Өткен сенбіде Шанхай қаласында білім алып жатқан қазақстандық студенттер арасында «Қазақстан Республикасының жастар саясатын дамыту» тақырыбында конференция өтті.Оны Азия және мұхит жағалауы елдерінің халықаралық бағдарламалар орталығының өкілдігі мен Шанхай қаласындағы «Kazakh connection» студенттік ұйымы ұйымдастырды.

Конференция бағдарламасына сәйкес студенттер Қазақстан Республикасындағы жастар саясатының жағдайы мен оны дамыту, ҚР-да мемлекеттік тілді дамыту, Шанхай қаласындағы студенттік өзін-өзі басқаруды дамыту болашағы мәселелерін ортаға салды, сондай-ақ «Kazakhstan connection» www.kazcon.kz веб-сайтының тұсаукесері өткізілді.

Халықаралық бағдарламалар орталығының (ХБО) өкілі К.Ермановтың айтуынша, «шетелде білім алып жатқан қазақстандық студенттер Қазақстандағы мемлекеттік жастар саясатының дамуын, елде жастарды қолдау бағытындағы өткізіліп отырған жобалар мен басқа да шараларды қызығушылықпен бақылауда. Осыған байланысты ХБО-ның өкілдігі студенттік ұйыммен бірігіп, Шанхай студенттерінің арасында оларды біріктіруге, азаматтық-патриоттыққа тәрбиелеуге бағытталған Қазақстанның бірыңғай мемлекеттік жастар саясатының қалпында өткізілетін мәдени-бұқаралық шараларды ұйымдастырады.

www.kazcon.kz сайтының тұсаукесері конференция тақырыптарының біріне айналды. Шара ұйымдастырушыларының пікірінше, бұл сайт бүкіл әлем бойынша қазақстандық студенттік ұйымдардың болашақта қарым-қатынас, ақпарат және тәжірибе алмасу алаңына айналады.

Шараға Шанхай қаласында Азия және мұхит жағалауы елдерінің Халықаралық бағдарламалар орталығы өкілдігінің жанында және олардың қолдауымен жұмыс істейтін «Kazakh connection» студенттік қауымдастығының 50-ден астам белсендісі қатысты.

Ресми қонақтар ретінде ҚР-ның Шанхайдағы Бас консулдығының өкілдері шақырылды.
nullnullnull
Iздеу

Күнтізбе